Мен — Жәнібек Серғазы, ойын-сауық бағытындағы YouTube және медиа жобаларды продюсерлік етемін. Кино мен сериалдарға сценарий жазып, идеяны көрерменге әсер ететін оқиғаға айналдырамын. Компаниялар мен жеке брендтерге арналған креативті контент әзірлеп, маркетингтік және имидждік жобалар жасаймын. Контент креатор ретінде әлеуметтік желілерге, жарнамаға және ірі медиа жобаларға арналған видеолардың концепциясын дайындаймын. Мен үшін ең маңыздысы – аудиторияның назарын аударатын, нәтижеге жұмыс істейтін сапалы контент жасау.